Әйел – берекелі отбасының ұйтқысы

7 наурызда Мойылды ауылы көпшілік кітапханасының оқу залында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған рухани шара өткізілді.

Кітапханашы Екатерина Васильевна Оспанова мейрамның шығу тарихына тоқталды. Әйел – берекелі ошақтың ұйтқысы. Сүйікті арулардың құрметіне әдебиет пен өнердің тамаша шығармалары туып, көзсіз ерліктер жасалуда.

Слайд арқылы түрлі елдердің әйел суретшілерінің картиналары, мерекеге үстел дайындауға ұсыныстар, әйелдер туралы жырлар мен әндер, планетадағы біртуар әйелдер туралы айтылды.

Жиналғандар Клеопатра,  Томирис ханшайым, Клара Цеткин, Екатерина-II, Жанна Д-Арк, Анна Ахматова және басқа да әлемдік айтулы тұлғалар туралы кітаптарды қызыға тамашалады. Сондай-ақ әлем әйелдері туралы викториналар мен конкурстарға қатысты. Шай дастарқаны басында өткен өмірлерінен қызықты естеліктерді айтты. Шараға 15 адам қатысты.

Комментарии запрещены.