Аналар мерекесіне арналды

6 наурызда №4 көпшілік кітапханасының оқу залында «Отбасылық оқу кітапханасы» нысаналы бағдарламасы аясында тұрақты оқырмандар – аналар мен әжелерге арналған 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай шара өткізілді.

Кітапханашы Айнұр Сәрсенбаевна Әмірова қонақтарды мерекемен құттықтай келіп, көктемді ілестіріп ала келетін ең жарқын мейрам туралы айтты. Жиналғандар назарына кітапхана қорынан жасалған кітап көрмесі ұсынылды. Бұдан кейін конкурс, викторина және ойын ұйымдастырылды. Шай дастарқаны басында қызықты әңгімелер айтылып, әндер шырқалды. Шараға 10 адам қатысты

Комментарии запрещены.