10 сәуірде Жер күнін мерекелеу шеңберінде № 8 балалар кітапханасының ұжымы № 14 мектептің 4 сынып оқушыларына экология сағатын өткізді. Шараның мақсаты: оқушылардың қоршаған орта жайлы түсініктерін кеңейту; табиғатты қорғауға, жерін сүюге, мейірімділікке тәрбиелеу.
Кітапханашы А. К. Инсебаева балаларға мерекенің тарихы және біз өмір сүріп жатқан ғаламшарға қандай қауіп төніп тұрғаны туралы айта келіп, оны құтқару үшін не істеу керегіне тоқталды. Шара барысында балалар өсімдік әлеміне арналған көптеген қызықты ойындарға, сұрақ-жауаптарға, сайыстарға қатысты. Оқушылар орманда адамдардың өздерін ұстау ережелері туралы пікірлесті. Балалар жұмбақ шешіп, мақал-мәтелдер тыңдап, әр түрлі жағдайларды ойын арқылы көрсете білді. Оқушылар шараға қатысу арқылы қоршаған орта, ғаламшардың экологиясы туралы өз білімдерін нығайта түсті. Кітапхана қорынан жабдықталған «Жерді аялаңдар» атты кітап көрмесі бойынша шолу өткізілді. Шараға 31 адам қатысты.