«Ғарыш әліппесі» атты танымдық-ойын бағдарламасы

12 сәуір — Ғарышкерлер күні  жас ұрпақтың  отаншылдық сезімін оята отырып, елін, жерін сүюге тәрбиелеу мақсатында № 8 балалар кітапханасының ұжымы № 29 мектептің 4 сынып оқушыларына  «Ғарыш әліппесі» атты танымдық-ойын бағдарламасын өткізді. Оқу залында балалар назарына кітапхана қорынан  кітап көрмесі ұйымдастырылды.Мақсаты: оқушыларға ғарыш әлемі,  ғарышкерлер туралы мағлұмат беру.

Ғарышкерлер күні – қашанда жарқын әрі есте қалатын оқиға. Ерте заманнан планеталар мен жұлдыздардың жұмбақ әлемі адамдардын назарын  өздеріне тартатын.  Балалар да ғарыштың  жұмбақ сырларын білуге құмартады. Кітапханашы Альмира  Инсебаева  балаларды әлемдегі тұңғыш ғарышкер – Юрий Гагариннің өмірімен және қызметімен, жалпы  ғарыш тарихымен, Қазақстанның бірінші ғарышкері – Тоқтар Әубәкіровпен және Ғарыш — айлағы Байқоңырмен таныстырып өтті.

Шара барысында балалар Жер ғаламшарына ойын түрінде саяхат жасады. Олар «Ғарыш калейдоскобы» тақырыбындағы бірнеше ойынға және сөзжұмбақ шешуге  белсене қатысты.

Шара кітап көрмесі бойынша шолумен аяқталды. Оған 17 бала қатысты.

Комментарии запрещены.