30 наурызда №2 балалар кітапханасының оқу залында №5 балабақша тәрбиеленушілеріне «Балалар кітабының апталығы» аясында «Балдырған» журналының 60 жылдығына арналған шара өткізілді. Мақсаты: оқушыларға өздерінің сүйікті журналы туралы білетіндерін толықтыру, журналды насихаттау.
Жүргізуші Жотекова Маржан «Балдырған» журналы туралы, алғашқы редакторы Мұзафар
Әлімбаев жайлы әңгімелеп, осы журналды үнемі оқитын балаларды ортаға шақырды. №25 мектептің 1 «Б» сынып оқушысы Авид Іңкәр көрермендерге «Кітап» туралы өлеңін оқып берсе, 1 «Д» сынып оқушысы Хасенов Ерсұлтан «Үш тұғырлы тіл» айдарын жақсы көретінін айтып, бірнеше сөздерді үш тілге аударып берді. 5 «Д» сынып оқушылары Айтуған Абдулуахит пен Нұрпейісов Сулейман жұмбақтар мен логикалық есептер жасырды. Содан соң балалармен журналда берілген «тәжікелесулер» бөліміндегі ойындар ұйымдастырылды. «Көңілді маймылдар» сергіту ойыны бәрін бір мәре-сәре етті.
Балалардың мамандықтар туралы түсінігін білу үшін «Мамандық таңдау» ойыны өткізілді.
Кішкентай балаларға арналған журнал болғандықтан міндетті түрде онда санамақ
болуы керек. Ондағы өлеңдерді 2 сынып оқушысы Кеңесбаева Дильназ мәнерлеп оқып
берді. «Өзің жасап ал» бөлімін басшылыққа алған оқырман Сулейман алда келе жатқан 1 сәуір — құстар күніне арнап құстарға ұя жасап әкеліпті. «Балдырғанның сурет галереясы» айдарын қызыға тамашалайтын оқырманымыз, 1 «Б» сыныбының оқушысы Камесхан Перизат өзінің салған суреттерін көрермендерге көрсетті. Шара соңында 1 «Б» сыныбының оқушысы Бауыржанұлы Ибрахим «Балдырған» өлеңін оқып, барлығын журнал оқуға шақырды. Соңында барлығы қосылып «Балдырған»
әнін шырқады. Арнайы «Балдырған журналына-60» атты көрме-инсталляция дайындалды. Шара қызықты өтіп, танымдық мәні болды. Барлығы 120 адам қатысты