Әдеби монтаж: «Тағдыр сызығы»

Балалар жазушысы Ж.К. Карбозиннің туғанына 85 жыл толуына орай №5 мектептің 4 сынып оқушыларына №6 балалар кітапханасының қызметкерлері «Тағдыр сызығы» атты әдеби монтаж ұйымдастырды.

Мақсаты: балаларды  ақын Жәнібек Сақпантайұлы Карбозиннің өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстыру,  әдебиетті оқуға қызықтыру.

Іс- шара басында жүргізуші  жазушының өмірбаянымен таныстырып өтті. Балалар өздеріне ұнаған өлеңдерді мәнерлеп оқыды.

«Ана мен бала» атты көрініс көрсетілді. Ж. Карбозиннің еңбек туралы  жұмбақтары жасырылды. «Анасының көмекшісі» сайысында  матаға түймені тез тігу керек болды. Барлығы  тапсырманы мүдірмей орындады.

Ж.Карбозиннің шығармалары табиғатты аялауға, сүюге бағытталған.  Суреттер сайысында үш бала 5 минут аралығында кез келген аңды салу керек болды. Белсенділері кітапхана атынан сыйлық алды. Іс- шара соңында арнайы ұйымдастырылған кітаптар көрмесіне шолу жасалды.  19 бала қатысты

Комментарии запрещены.