Наурыздың 27 күні №4 балалар кітапханасының оқу залында «Балалар кітабы және музыкасы апталығы» аясында №82 балабақшаның даярлық топ балаларына «С. Михалковпен бірге қуанышты күн» атты ертеңгілік өткізілді. Биыл балалар жазушысы, ақын, журналист және драматург С. Михалковтың туғанына 105 жыл толады.
Ертеңгілікті №43 мектептің 4 сынып оқушылары С. Михалковтың «Песеннка друзей» әнімен ашты. Кітапханашы Б.К.Кенжегалиева Сергей Михалковтың өмірі мен шығармалары жайлы
қысқаша айтты. Сергей Владимирович бала кезінен өте көп оқыды. Өзінің «Аю туралы ертегі» атты алғашқы ертегісін 4 сыныпта жазды. Ол үлкендерге де, балаларға да арнап көп шығармалар жазды. Жазған оқиғалардың бәрін өмірден алды. Ол достық, мейірім, Отансүйгіштік, өмірсүйгіштік туралы ертегілер, мысалдар, пьесалар, әндер, өлеңдер жазды. Оның шығармалары шаттыққа, қуанышқа толы
және есте жақсы сақталады. Балалар жазушының жұмбақтарын шешті, өлеңдерін оқыды және шығармаларының желісі бойынша сахналық көрініс көрсетті. Жазушы шығармасының сюжетіне түсірілген «Дядя Степа – милиционер» мультфильмін тамашалады. Ертеңгілікте бүлдіршіндер көрнекті жазушының әзілдерін оқып, мәре-сәре болды әрі өмірдің жақсы, жаман жақтарын көріп, тағылым алды. Естелік ретінде балаларға кәде-сый беріліп, барлығы бірге суретке түсті.
Шараға 61 бала қатысты.