«Жыр жауһары» жас ақындар мүшәйрасының

🔶ЕРЕЖЕСІ
— байқау 2021 жылғы 1 наурыздан 20 сәуірге дейін өтеді;
— мүшәйраға 16-30 жас аралығындағы жергілікті жас ақындар қатыса алады;
— қатысушылар өзі туралы мәлімет (аты-жөні, оқу/қызмет орны, байланыс нөмірлері) жолдайды;
— Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған 1 өлең;
— мүшәйра онлайн байқау түрінде жүргізіледі;
— қатысушы өз өлеңін жатқа оқып, бейнежазба жіберуі керек;
— инстаграм, фейсбук парақшасында #Жыржауһары #Тәуелсіздікке30жыл #Мүшәйра хэштегі арқылы видеоролик жариялау;
— мүшәйраға қатысуға өтініштер мен өлеңдер 2021 жылғы 11 ақпаннан 28 ақпанға дейін қабылданады.
— байқау кезінде парақша ашық болуы керек.

🔶Байқаудың қазылар алқасы қатысушыларды бағалау кезінде мынаны ескереді:
— ақынның сөз қолданысына, өлеңнің мазмұны мен тереңдігіне;
— өлең ұйқасына, көркемдік ерекшелігіне, тақырыпты ашу сипатына;
— шығармаларын оқу шеберлігіне;
— тіл тазалығына, сахна мәдениеті және киіміне.
— байқауға жіберілетін бейнероликтер тақырыпқа сай болуы тиіс;
— 1 автордан 1 жұмыстан артық қабылданбайды.

🔶Марапаттау:
— байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша айқындалады;
— байқау жеңімпаздары ынталандыру сыйлықтарымен және алғыс хаттармен марапатталады;
— байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланады.

🔶Байланыс нөмірлері: 530281, 87770695647 (Касимова Гульнар Хамитқызы); 87474338179 (Роза Займолда), 87778674147 (Елемесова Бақыт Габдулбаритқызы)

🔶Электрондық пошта:
cgb.oo@mail.ru
cbs.mb10@mail.ru
cbs.len@mail.ru

Комментарии запрещены.