«Жыл кітабын бірге оқиық»

«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында Дихан Әбілев атындағы көпшілік кітапханасында көрнекті қазақ жазушысы, балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жыл толуына орай «Жыл кітабын бірге оқиық» атты әдеби кеш өтті. Қаламгердің ғасырлық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді. Сонымен қатар «Бір ел – бір кітап» республикалық акцияның жалпыхалықтың оқуына Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығы алынып отыр.

Іс-шараға «Ақсақалдар тағлымы»  бірлестігінің мүшесі Кайырлы Ергалиұлы сондай ақ  № 24 ЖОББМ нің 5″Б» сынып оқушылары қатысты. Шара  барысында жазушының балалық шағы, өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берілді.  Содан кейін оқушылыр «Менің атым Қожа» шығармасының мазмұнын еске түсірді, шығармадан үзінділер оқыды. Бердібек Соқпақбаевтың шығармаларынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Комментарии запрещены.