«Жыл кітабы»

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында № 43 орта мектептің 5-сынып оқушыларына «Жыл кітабы» әдеби таныстырылымы өткізілді. Биыл жазушы Бердібек Соқпақбаевтың шығармалары оқуға ұсынылды. 2024 ж. 15 қазан күні Б.Соқпақбаев 100 жасқа толады. Оқушылар Б.Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығымен танысты, «Менің атым Қожа» повесін және кейіпкерлерін талқылауға қатысты, есіне алды, «нағыз достың» қасиеттері туралы әңгімеледі, қазақ және орыс тілдеріндегі достық туралы мақал-мәтелдерді еске түсіріп, талдады.  Викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы материалды бекітті. Іс-шараға кітап көрмесі безендірілді.

Комментарии запрещены.