12 шілде күні №7 балалар кітапханасында «Жол жүру ережесін барлығы білу тиіс!» атты ойын бағдарламасы өтті.
Кітапханашы Ж. Даутхан балаларға жол жүру ережесі туралы айтты. Қатысушылар екі топқа бөлініп, жол жүру ережесі туралы жұмбақтар шешіп, мақал-мәтелдерді еске түсірді, сөзжұмбақтардың жауабын тапты. Белсенді қатысып, дұрыс жауап бергендерге әдемі белгілерді таратылды. Іс-шара соңында кітапханашы «Жол жүру ережесін барлығы білуі тиіс!» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Онда «Жол жүру ережесі», «Қазақстан Республикасының жол жүру ережесі», «Ауыр жүк көлігі», «Көліктер», «Жаяу жүру мектебі», «Болашақ техникасы» атты кітаптар ұсынылды. Қатысушылар саны 10 оқушы.