Біз және гигиена

11 шілде күні №8 балалар кітапханасында  № 14 мектептің жазғы лагерьдегі оқушыларына «Біз және гигиена» атты  танымдық–ойын бағдарламасы өткізілді.

Жүргізуші – кітапханашы Ирина Афанасьевна Стоянова  іс-шараны   денсаулық ғылымы неге гигиена деп аталғаны жөніндегі  әңгімесімен бастады. Балалар тазалық туралы ережелерді еске түсіріп,  жасырылған жұмбақтардың жауабын тауып,  сұрақтарға жауап берді. «Кім ұқыпты – сол адамға жағымды» атты жұмбақ сайысына балалар  белсеңді қатысты. «Ұқыпты», «Ең лас», «Менің ақыл-кеңесім» атты сайыстар балалардың көңілінен шықты. Ал «Маша мен микробтар»,  «Алма»  атты көріністерде  балалар өздерінің актерлік шеберліктерін көрсете алды. Іс-шара  «Тазалық– денсаулық кепілі» атты кітап көрмесінің  шолуымен аяқталды. Қатысқандар саны 32 оқушы.

Комментарии запрещены.