«ЖИТС- қауіпті ауру»

1 желтоқсан күні Мүбарак Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында № 5 ЖОББМ 10 сынып оқушылары үшін Халықаралық ЖИТС — пен күрес күніне арналған «ЖИТС-қауіпті ауру» дөңгелек үстел өткізілді. Павлодар облыстық ЖИТС–тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының педагогы Альмира Русланқызы Шапихова жүре пайда болған иммун тапшылығы синдромының жұқпалы аурулары туралы; облыста ЖИТС-пен күрестің алдын алуға бағытталған акциялар туралы; адам ағзасында АИТВ-инфекциясы қалай дамитыны және осы аурудың соңғы сатысы туралы айтып берді. Іс-шара спикері оқушыларға «АИТВ-инфекциясының алдын алу» презентациясын дайындады; ойын түрінде «Қауіпсіздік бағыты» мен «Жаттығу хат» тренингін өткізді. Сондай-ақ АҚТҚ/ЖҚТБ-ның құқықтық аспектілері талқыланды.Соңында кітапханашы кітапхана қорынан «ЖИТС – қауіпті ауру» кітап көрмесіне шолу жасады. Барлық қатысушылар АҚТҚ/ЖҚТБ-ның алдын алу үшін дайындалған брошюралар алды.

Комментарии запрещены.