Жер — ырыстың кіндігі

29 наурыз күні біздің кітапханамызда «Өзің оқы, өзгені қызықтыр» қалалық жобасы және «Балалар кітабы және музыка апталығы» аясында 30 наурыз — Жерді қорғау күніне арналып «Жер — ырыстың кіндігі» атты экологиялық сабағы өткізілді.
Іс- шараға М. Ауәзов атындағы ЖОББМ 5 «Е» және 5 «И» сыныптарының оқушылары шақырылды. Олар табиғат Ананы қорғау және аялау туралы кітапханашының әнгімесін тыңдап, қызықты кітаптармен танысты.
Кейін  «Табиғаттың жұмбақтары», «Эрудит», «Фразеологизмді түсіндір», «Мақал-мәтелді жалғастыр», «Жас аңшы» түрлі конкурстарға белсенді қатысты.
Қазылар алқасы қатысушыларды бағалап, қорытындысын шығарды. Кітапханамыздағы кездесу көңілді және пайдалы өтті деуге болады.

Комментарии запрещены.