«Жазушының меретойы- оқырман үшін мереке» әдеби порталы

28 сәуір күні Мубарак Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында № 5 ЖОББМ 3 сынып оқушыларына павлодарлық ақын Ольга Григорьеваның 65 жылдығына орай «Жазушы мерейтойы – оқырман үшін мереке»  атты әдеби портал өткізілді. Кітапханашы балаларды О. Н.Григорьеваның «Данилкин кораблик», «Бузиктің шытырман оқиғалары», «Павлодар әліппесі», «Сыпайы бала»  және «Звезда прииртышья» газетінің балалар бетіне орналастырған «Домовенок Кузя»  атты балалар кітаптарымен таныстырдық.  Балалар «Менің ағам дүниеге келді» және «Данилкин кораблик» , «Мен гүлдерді қалай суардым», «Павлодар-біздің ортақ үйіміз!», «Павлодар әліппесі» кітабімен танысты. Оқушылар «Сыпайы бала» кітабынан өлеңдер оқыды. Балалар рифмдерді өздері таңдады, бірақ алдымен қуыршақ театрында Незнайка өлең жазғанын көрді.

Комментарии запрещены.