Жарқын жаздың кітап эстафетасы

4 маусымда №2 балалар кітапханасында №42 мектептің жанындағы демалыс лагеріндегілерге Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Жарқын жаздың кітап эстафетасы» ойын-сайыс бағдарламасы өткізілді.

Алдымен балалар «Я, Ты, Он, Она» өлеңіне флешмоб биледі. Кітапханашылар балалармен «Қазына табу» ойынын ұйымдастырды. Ол үшін  «Спорт», «Ертегі шеңбері», «Тауып ал», «Көгалдағы жұлдыздар» атты 4 бекетті өтуге тиісті болды. «Спорт» бекетінде балалар секіргішпен секіріп, доппен, шеңбермен ойнады. Келесі «Ертегі шеңбері» бекетінде ертегі еліне ғажайып саяхатқа аттанды. «Тауып ал», «Көгалдағы жұлдыздар» бекеттерінде жұмбақтар шешіп, көздері байланған түрде шөптің арасында жұлдыздарды іздеді. Қатысушылар алдарына қойылған мақсаттарды орындап, кітап қазынасын тапты. Әдебиеттік шолу, қызықты сұрақ-жауап ойындары, сайыстар өткізілді.

Кітапханашылар жазғы демалысты қызықты да маңызды өткізу үшін балаларды кітап оқуға шақырды. Асфальтқа сурет салу конкурсы өткізілді. Киіз үй түрінде «Жарқын жаздың кітап эстафетасы» көрме-инсталляциясы ұйымдастырылды. 30 бала қатысты.

Комментарии запрещены.