10 қаңтарда №4 балалар кітапханасы әдемі
безендірілген оқу залында №43 орта мектептің 1сынып оқушыларына Жаңа жылды
тойлауға арналған «Біз Жаңа жылды қарсы аламыз!» атты жаңажылдық саяхат
өткізді.
Қарлы, боранды қыс – жылдың керемет мезгілі. Қыста жаңа жоспарлармен, жаңа табыстармен, жаңа тілектермен бізге Жаңа жыл келеді. Үлкендер де, балалар да көтеріңкі
көңіл-күйге, әзіл-күлкіге, мейірім мен бақытқа толы осы сиқырлы мерекені асыға
күтеді. Адамдар Жаңа жылда жаңа тілектерін тілейді. Кітапханашылар кішкентай
қонақтарын «Зимушка-зима» әнімен қарсы алып, «Біз Жаңа жылды қарсы аламыз!»
атты жаңажылдық саяхат жасауға шақырды. Басқа елдерде Жаңа жылды қалай қарсы
алады екен? Оны білу үшін барлығымыз Жапонияға, Бразилияға, Германияға, Ресейге аттандық. Жапон елінде Жаңа жылды бір апта бойы тойлап, оны «алтын апта» деп атайды екен. Германия елінде Жаңа жылдың символы – мұржа тазалаушы. Егер оған қолың тиіп, үстіңе күйе жағылса, бақытты боласың деген ұғым бар. Қазақстанда басты жаңажылдық шырша Астанада желтоқсанның 1 күні жағылады. Қазақстан мен Ресей халықтарына
Президенттер жаңажылдық құттықтаумен шығады. Ол жаңажылдық дәстүрге айналды.
Бұл біздің «Елдер» атты бірінші станциямыз болды.
Жаңажылдық саяхаттың
екінші станциясы «Ертегі» деп аталды. Кітапханашылар балаларға ертегі желісінде
қуыршақ спектаклін көрсетті. Онда қоянға Аяз Ата көмектесіп, қоянның үйшігін түлкіден босатты да, оларды татуластырды. Аяз Ата орманға асықты, өз жұмыстары көп еді. Ол балалармен бірге шыршаны айналып ән айтып, татулық пен достықта тұруды тіледі.
Үшінші станцияда
әуелі балалармен бой сергіту өткізіліп,
бірнеше қызықты ойындар ұйымдастырылды. Балалар «Қысқы ертегі» атты әсем суреттІ
кітаптар көрмесін тамашалады. Балаларға жаңажылдық дәстүр бойынша тәтті
жүлделер берілді. 29 оқушы қатысты.