«Жаңа жылдық ертегі» мерекелік-ойын-сауық бағдарламасы

22 желтоқсанда Орталық балалар кітапханасы қызметкерлері «Мықты бірінші сынып оқушысы» атты жоба аясында № 5 ЖОББМ-нің 1 «в» сынып оқушыларына арнап «Жаңа жылдық ертегі» атты мерекелік-ойын-сауық бағдарламасын өткізді. Мақсаты: мектепке дейінгі балаларда эстетикалық адамгершілікті тәрбиелеу және халық ертегілерімен танысу.

Шара жүргізуші Любовь Степановна Микушина қатысушыларды Жаңа жылмен құттықтап, «Орманда шырша туыпты» әнін бірге шырқауға ұсынды. Содан кейін «Бұл жұмбақ шырша» атты виртуалды сұрақ-жауабын: шырша адамдарға қандай пайда әкеледі?; шыршаның өмір сүру ұзақтығы қандай?; шыршаның жасын қалай анықтауға болады?; қандай орман тұрғындары шырша тұқымын жеуді ұнатады?; шырша ауа райын қалай болжай алады? және тағы басқа сұрақтар қойып өткізді. Олар виртуалды сұрақтардың жауаптарын айта отырып, өздерінің экраннан көрген жауаптарымен сәйкес келетіндігіне қуанды.

Балалар «Шырша немен сәнденеді?» және «Иә немесе Жоқ» зияткерлік ойындарын қызығушылықпен ойнады; «Жаңа жылдық жұмбақтар» сайысында өздерінің білімпаздықтарын көрсетті. Ал «Ертегілер айналып билейді» сайсында олар алдымен экраннан үзінділерін қарап, содан соң қай ертегі екенін атап отырды. Шара соңында оқушыларға «Зима в Простоквашино» мультфильмі көрсетілді.

Қатысқандар саны – 35 адам.

Комментарии запрещены.