«Жаңа жылдық ертегі» мерекелік ойын-сауық бағдарламасы

4 қаңтарда Орталық балалар кітапханасы қызметкерлері №85 балабақшаның «А» және «Б» дайындық топтарының балаларына арнап «Жаңа жылдық ертегі» атты мерекелік ойын-сауық бағдарламасын өткізді. Мақсаты: мектепке дейінгі балаларда эстетикалық адамгершілікті тәрбиелеу және халық ертегілерімен танысу.

Шара жүргізушілері Любовь Степановна Микушина мен Елена Юрьевна Борякина қатысушыларды Жаңа жылмен құттықтады; қысқы уақытта немен айналысуға болатынын еске түсіріп, «Орманда шырша туыпты» әнін бірге шырқауға ұсынды. Содан кейін «Бұл жұмбақ шырша» атты виртуалды сұрақ-жауабын  осы сұрақтармен өткізді: шырша адамдарға қандай пайда әкеледі?; шыршаның өмір сүру ұзақтығы қандай?; шыршаның жасын қалай анықтауға болады?; қандай орман тұрғындары шырша тұқымын жеуді ұнатады?; шырша ауа райын қалай болжай алады? және тағы басқасы. Вертуалды сұрақтардың жауаптарын айта отырып, өздерінің экраннан көрген жауаптарымен сәйкес келетіндігіне қуанды.

Балалар «Шырша немен сәнденеді?» және «Иә немесе Жоқ» зияткерлік ойындарын қызығушылықпен ойнады; «Жаңа жылдық жұмбақтар» сайысында өздерінің білімпаздықтарын көрсетті. Ал «Ертегілер айналып билейді» сайсында балабақша бүлдіршіндері алдымен экраннан үзінділерін қарап,  қай ертегі екенін атап отырды. Балалар «Жила-была Хлопушка» атты қуыршақ театрында ойнап, өздерінің актерлік шеберліктерін көрсете алды. Сондай-ақ танысып, және «Ескі жаңа жылдық ойыншықтар» эксклюзивті көрмесімен танысты. Ал шыршаның өзі ескі шарлар мен бүрлерден жасалған.

Іс-шараның соңында кітапханашылар «Бауырсақтың Жаңа жылдық оқиғасы» қуыршақ қойылымын көрсетті. Қойылымның кейіпкерлеріне қуанышпен қарап отырған кішкентай бүлдіршіндер қол соқты. Қатысқандар саны – 45 адам.

Сол күні  №82 балабақшаның бүлдіршіндері үшін де мерекелік ойын-сауық бағдарламасын өткізді. (мамандандырылған үлгідегі көру қабілеті бұзылған балаларға арналған). Қатысушылар саны – 22 адам.

10 қаңтар күні №5 ЖОББМ-нің 3 «Г» сынып оқушыларына «Жаңа жылдық ертегі» атты мерекелік-ойын-сауық бағдарламасын өткізді. Мақсаты: бастауыш сыныптағы  балаларда эстетикалық адамгершілікті тәрбиелеу және халық ертегілерімен танысу. Қатысушылар саны – 22 адам.

Комментарии запрещены.