«Жаңа уақыт — жаңа мамандықтар»

21 ақпан күні сағат 12.00-де №3 көпшілік кітапхананың кітапханашысы Б.Г. Елемесова №33 мектептің 8 сынып оқушыларымен «Жаңа уақыт — жаңа мамандықтар» кәсіптік бағдар беру бойынша іс-шара өткізді. Іс-шараның мақсаты: балаларды әртүрлі мамандықтармен таныстыру, оқушыларға әр мамандықтың адам өміріндегі маңыздылығын жеткізу. Оқушылардың басым бөлігі өз қабілеттері туралы білімге, әртүрлі кәсіптер туралы ақпаратқа қызығушылық танытты. Балалар өмірде кім болғысы келетіні, болашақта қандай мамандықтар сұранысқа ие болатыны туралы әңгімеледі. «Мамандықтар әлемі» әдебиеттеріне шолу жасалды. Іс-шараны қамту 12 адамды құрады.

Комментарии запрещены.