«Жаманбалинов оқулары»

16 наурыз күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, қалалық  білім беру бөлімі  және М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасы бірлесіп балалар жазушысы, ақын Мүбәрак Жаманбалиновтың шығармашылығын насихаттауға бағытталған «Жаманбалинов оқулары» көркемсөз оқу шеберлері байқауы өтті.

Әділқазылар алқасының құрамына Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Павлодар қаласының Құрметті азаматы, ақын Байғалы Шолпан Байғалықызы, Облыс әкімінің баспасөз қызметінің қызметкері Теміров Ербол Рахметоллаұлы, «Найзатас» журналының бас редакторы Әбішев Асыл Әлімжанұлы кірді.

«Жаманбалинов оқулары» байқауы биыл 2 рет өткізіліп отыр. Байқауға Павлодар қаласы жалпы орта білім беретін мектептердің 1-4 сынып оқушылары арасынан 32 оқушы қатысты.

Байқау үш кезеңнен тұрды: 1-ші кезең: «Табиғат сабағы».  Қатысушылар ақынның табиғат, жыл мезгілдері, жануарлар мен құстар әлемі туралы жазған бір өлеңін мәнерлеп жатқа айтып беру.

2-ші кезең: «Ертегілер елінде». Қатысушылар ақынның өлең-ертегілерінің бірі бойынша шағын көрініс көрсету.

3-ші кезең Мүбәрак Жаманбалиновтың өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға жауап беру.

Келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар марапатталды: 1,2,3 орын; «Көрермендер көзайымы», «Жеңіске деген ұмтылысы үшін»  аталымдары және  «Бас жүлде» берілді.

«Көрермендер көзайымы» аталымы  бойынша 19 мектептің 3 сынып оқушысы Ақан Айару.

«Жеңіске деген ұмтылысы үшін» аталымы бойынша 25 мектептің 3 сынып оқушысы Амирханова Амира және Жетекші мектебінің 3 сынып оқушысы Еркебек Алуа марапатталды.

ІІІ орын –    Кенжекөл мектебінің 4 сынып оқушысы Әсләмғали Саидаға,  № 1 мектептің 3 сынып оқушысы Айкен Мирасқа және № 24 мектептің 4 сынып оқушысы Нұрсайын Амангельдыге берілді.

ІІ- орынды Қ. Бекхожин ат. мектептің 2 сынып оқушысы Серік Кәусар мен №3 гимназияның оқушысы Кабиденова Айзере иеленді.

І- орынға ие болды №17 мектептің 3 сынып оқушысы Совет Ертөре.

Бас жүлде иегері  №21 мектептің 2 сынып оқушысы Исбулатова Саида жеңіп алды.

Жеңімпаз бен жүлдегерлер, арнайы дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Комментарии запрещены.