Д.Әбілев атындағы көпшілік кітапханада қазақ әдебиетінің тарихында дәрігерлер өміріне арналған «Доктор Дарханов» романына 60 жыл толуына байланысты кітапханамыздың тұрақты оқырмандарымен әдеби шолу өтті. Басты кейіпкер – дәрігер Нияз Дарханов. Шығарма дәрігерлер өмірін баяндаумен шектеліп қалмай, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, қазіргі заман тақырыбын қозғайды. Бұл шарада балалар туған өңіріміздің ақын-жазушыларымен танысып, роман кейіпкеріне еліктеп, болашақ мамандықтарымен бөлісті.