«Алаш туы астында..»

27 сәуір күні кітапханамызда Алаш қозғалысының құрылғанына 105 жыл толуына байланысты  «Алаш туы астында..» тақырыбында шара өтті. Алаш қайраткерлері ұлттық мемлекеттіліктің негізін қалады. Қозғалыс ХХ ғасыр басында басталып, қазақ халқының ұлт-азаттық күресінің шарықтау шегіне айналды. Қазақ ұлттық-демократиялық интеллигенциясының көрнекті өкілдері Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, М.Тынышпаев, М.Дулатов және басқа да 1905-1917 жылдары осы алғашқы жалпыұлттық саяси ұйымды дайындап, көп күш жұмсаған ағартушылардың еңбектері қойылған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шарамыздың қонағы танымал ақын, журналист, қоғам қайраткері,  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, зиялы қауым өкілі, Жазушылар одағының және Журналистер одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Ресей Лермонтов комитеті Қайсын Құлиев медалінің иегері, Павлодар қаласының, Баянауыл және Май аудандарының Құрметті азаматы  —  Қани Арман  қаламыздағы №25 жалпы білім беру мектебінің оқушыларына «Алаш қозғалысының» қазақ халқы тарихындағы маңыздылығы, Алаш зиялыларының көтерген мәселелерінің қазіргі күндегі өзектілігі барысындағы сұрақтарына  кең түсінік берді.  Алаш қайраткеріне үлкен алғысымызды білдіреміз.

Комментарии запрещены.