«Өз өмірің — өз қолыңда» көрсету іс- шарасы

21 ақпанда № 3 балалар кітапханасында № 21 мектептің
2 сынып оқушыларымен адам өмірінің қауіпсіздігіне арналған көрсету іс- шарасы  өткізілді.

Мақсаты: балаларға өрт қауіпсіздігі ережелерін үйрету, өрт сөндіруші мамандығымен таныстыру.

«Өз өмірің — өз қолыңда» қауіпсіздік мектебі жобасы аясындағы бүгінгі бірінші сабақ «Өрт сөндіруші — батылдар мамандығы» ойын бағдарламасы аясында өткізілді. Шараны жүргізген кітапханашы А.З. Сүлейменова кіріспе сөзінде ойын бағдарламасымен таныстырды. Кітапханашы Р.Ж. Жакиянова «От дос па, әлде дұшпан ба?» әңгімесінде бейнеролик арқылы балаларға оттың шығу тарихымен таныстырды. Өрт қауіпсіздігі туралы плакаттарға назар аударылды. Балалар жазушыларының кітаптарына шолу жасалды. Балалар оқылған өрт туралы үзінді қай шығармадан екенін тауып айтты.

Өрт сөндіруші туралы ән шырқалды. Кітапханашы Д.А. Калиева өрт сөндірушінің арнайы киімдері мен құралдары туралы айтты. 

Балалардың алдында нағыз өрт сөндіруші Павлодар қаласының № 1 арнайы өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Теміров Әділбек Жәнібекұлы өрт сөндіруші мамандығы, өрттің шығу себептері туралы әңгімелеп берді. Балалар өрт сөндірушіге сұрақтарын қойып, өлеңдер оқыды, өрт қауіпсіздігі
туралы суреттерін табыстады. Сондай-ақ жұмбақтар шешіп, викторинаға белсене
қатысты.

Шараға 30 адам қатысты. 

IMG_0155.th.jpg SAM_3086.th.jpg IMG_0153.th.jpg

Комментарии запрещены.