«Успенскийдің кітап елі»

2023 жылғы 4 қаңтарда қысқы каникул кезеңінде М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында «№ 82 арнайы бөбекжай-балабақшасы» КМҚК балаларына ушін «Успенскийдің кітап елі» саяхат-ойыны өткізілді. Мақсаты: балалар жазушысы Э.Успенскийдің шығармашылығы туралы балалардың білімін кеңейту. Бағдарламада: жазушы, ақын, прозашы, сценарист және драматург Эдуард Николаевич Успенскийдің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгіме; «Федор ағай, ит және мысық» және «Крокодил Гена және оның достары» кітаптары бойынша виртуалды ойындар; «Көк вагон» әнін бірлесіп орындау; «Успенский кітаптары – балаларға» виртуалды көрмесі. Іс-шара «Простоквашинодағы демалыс» мультфильмін көрумен аяқталды.

Комментарии запрещены.