«Ұлылардың ұлысы Абай» жыр галереясы

18 қыркүйек күні №10 кітапхананың коворкинг орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының, «Ұлы даланың ұлы есімдері» жобасы бойынша Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай ИнЕУ студенттері мен №24 ЖОББМ жоғары сынып оқушылары үшін  «Ұлылардың ұлысы- Абай» атты жыр галериясы болып өтті. Шараны қазақ және орыс тілдерінде Р.Займолда , Т.Магмурова  және  И. Абрамова жүргізді.

Жыр галериясының қонақтары: ұстаз, жазушы, «Ардагерлер кеңесінің», билер алқасының, ҚР Журналистер одағының мүшесі – Р.Б.Бектеміров;  ұстаз, аудармашы, жазушы, ҚР Жазушылар одағының мүшесі – С.К.Сатыбалдин; №38 ЖОББМ 7 сынып оқушысы қалалық, облыстық, республикалық Абай оқуларының жүлдегері, «Жас толқын», «Балауса» ән байқауларының  конкурсанты Ғазиз Сержанұлы; №25 ЖОБМ 8 сынып оқушысы, жас әнші, күйші Ахметов Данияр болды. Алдыменен қазақтың біртуар ұлдарының бірі, данышпан,  ақын, ойшыл, дана ғұламалардың бірі, қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы —  Абай Құнанбайұлы жайлы біраз мәліметтер беріп өтті. Жүргізушілер берген мәліметтерін     «Абайдың өмірі мен шығармашылығы» атты бейнефильм көрсетіліп жалғасын тапты.

Қонақтардың тұшымды әңгімелерінен әлемге әйгілі ұлтымыздың мақтанышы Абайдың адамзат баласы үшін қалдырған рухани құндылықтары шексіз екендігі тағы бір рет дәлелденді. Өмірінің барлығын күреспен өткізген, соқтықпалы соқпақсыз жерде өскен қасиетті бабамыздың сонау замандағы айтқан әр сөзі қәзіргі күні өзектілігін жоғалтқан емес. Қоғамды өзгертіп халқын жарыққа шығару оның басты мақсаты еді. Серік Қинаятұлы Абайдың қара сөздерін оқи отыра қәзіргі жастарға мысал келтіре отырып түсіндіріп кетті. Тәлім –тәрбие, дәстүрді ұстану керектігін, ұлттық құндылықты сақтай отырып адам болуға шақырды. Р. Бектемірұлы тақырыпты арығарай жалғастырып дана-бабамыздың заманынан оза туған терең ойлары мен асыл сөздері келешек заманаларда да гауһардай жарқырап, көзі ашық көкіректерге нұр болып құйыла беретіндігін айтып өтті. Сөзін Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» әнін орындаумен тәмамдады.

Шараның көркін енгізген жас орындаушыларымыз – Ғазиз бен Данияр жиылған қауымның қошеметіне ие болды. Тамаша жанды даусымен орындаған әндерінен рухани демалыс алған қонақтарымыз Ғазизге баталарын жаудыртты.       Іс шараның соңында  кітапхана қорынан арнайы дайындалған кітап көрмеге назар аудартылды. Коворкинг орталығында жалғасын тапқан «Абай -175» челенжісіне шараға келушілер арасынан ИнЕу дің 1-курс студенті Ержан Ұлан, №38 мектептің 7 сынып оқушысы Сержанұлы Ғазиз, №25 мектептің 8 сынып оқушысы Камесхан Ғалиакбарлар белсенділік танытты.  Атаулы шара барлығының ойынан шықты.

Комментарии запрещены.