«Ұлы дала әншілері » өлкетану сағаты

2018 жылдың 9 қарашасы күні Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері № 5 ЖОББМ-нің 8 сынып оқушыларына  жерлестеріміз және де мерейтой иегерлері Бұқар жырау, Иманжүсіп Құтпанұлы, Естай Беркімбайұлына арналған «Ұлы дала әншілері» атты өлкетану сағатын өткізді.

Жүргізушілер Алмагүл Сериковна Айтмағамбетова мен Жанар Пазыловна Дюсенбаева іс-шараның басында жерлес ақын-жыраулардың өмірі мен шығармашылығымен таныстырып өтті.

Жырау поэзиясы көшпелі қазақтың сөз өнерінің шыңы және сонымен қатар халқымыздың өткен жылғы рухани әлемнің байлығының да дәлелі болып табылады. Жырау шығармашылығының негізі толғау — өлең-ой толғаулар болды.

Іс-шараның қонағы Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайының қызметкері. Ж. А. Оспанова слайдтың сүйемелдеуімен ақын-жыршы Бұқар жырау өмірінің қызықты фактілері жайлы айтып өтті.

Одан әрі әңгіме қазақ өнерінің тарихында жарқын ізі қалған көрнекті ақын, әнші, композитор Иманжүсіп Құтпанов туралы жалғасты. И.Құтпановтың «Ерементау», Сарыарқа», «Сарымойын» әндері халық арасында танымал.

Жүргізушілер өз әңгімесін көрнекті композитор, Қазақ ССР өнеріне еңбегі сіңген қайраткер, әнші, ақын және импровизатор Естай Беркімбаев туралы жалғастырды.

Шараның жалғасы ретінде «Қорлан» әнінің тарихы туралы фильм көрсетілді және И.Құтпановтың «Ерементау» әнінің аудиожазбасы тыңдалды, ақындар өлеңдерінен үзінділер оқылды. «Жыраулар мен ақындар поэзиясы» атты кітап көрмесін ұйымдастырып, кітапханашы Жанар Пазыловна Дюсенбаева берілген әдебиетке шолу жасады. Шараға 30 адам қатысты.

 

Комментарии запрещены.