«Ақ дастарқан» маман күні

15.11.2018ж П.Васильев атындағы орталықтандырылған қалалық кітапханасында «Сервис және тамақтану» колледжінің шәкірттері мен Осипенко көшесіндегі отбасылық типтегі «Балалар  ауылының» жоғары сынып оқушыларына «Ақ дастарқан» атты маман күнін өткізді. Залда «Әлем халықтарының асханасы» атты кітап көрмесі безендірілді.

20 қазан күні «Аспазшылар күні» кәсіби мерекесі атап өтілді.Әңгіме кафелер, мейрамханалар – ас үйге қатысты мамандықтар туралы болды. Іс-шара алдында «Болашақ аспаздар не білуі керек?» тақырыбында  слайд бағдарламасы көрсетілді. Жүргізушілер аспаз мамандығының маңыздылығы туралы әңгімелеп берді. Кейін, шара қонағы Рухани Жаңғыру бағдарламасы бойынша «Жыл меценаты» номинациясының жеңімпазы Зульфия Сәлімқызы Валеевамен таныстырды.

«Бәрі қалай басталды, бүгінгі нәтижеге қалай келдіңіз?»,«Сіздің сүйікті тағамыңыз бар ма?» бұл және басқа сұрақтар қойылды.

Қатысушылардың назарына «5 сәнді аспаздық техника» бейнесі ұсынылды.

Балалар аспаз мамандығы туралы білім алып, қол жеткізілген жетістіктерге тоқтамай  және одан әрі табысқа жету керек екенін түсінді.

Қатысқандар саны: 62 адам

Комментарии запрещены.