2022 жылдың 27 сәуірінде М.Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасында «Кешкі кітапхана» аясында Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Ұлтымыз әр түрлі – Отанымыз бір» этнофестивалі өткізілді.
Кеш жүргізушілері қонақтарды Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен құттықтады. Мерекелік шараны құттықтау сөзбен Павлодар қаласының ОКЖ м.а басшысы Оралқан Айбек Тілеубекұлы ашты.
Іс-шараға Ұлттық жаңғыру мектебінің этномәдени бірлестіктерінің өкілдері шақырылды. Құттықтау сөзбен Қ. Даржуман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің әдіскері Сағатова Әлия Кәрібайқызы сөйледі.
Фестиваль флешмобпен аяқталды!