«Ұлттық валюта-төл теңге»

Бүгін №2 балалар кітапханасында Қазақстан Республикасының ақшасы- теңгенің 30 жылдығына арналып «Ұлттық валюта-төл теңге» атты қызықты хабарлар сағаты М. Әуезов атындағы ЖОББМ 4 «А» сынып оқушыларына өткізілді.

Кітапханашы «Теңге тарихы» әңгімесінде  ұлттық валютамыз-теңге Англия елінде басылып, 1993 жылы 15 қараша күні айналымға еңгізілгенің, алғаш шыққан теңгелерде Абылай, Әбілқайыр секілді хандарымыз бен Әл-Фараби, Абай, Шоқан сияқты ұлы тұлғаларымыздың бейнелері салынғанын баяндады.

Қазақстан Ұлттық банкінің Павлодар қаласындағы филиалы сыйға тартқан  1993-2021 жылдар аралығында шығарылған монеталардың толық топтамасы ұсынылған «Қазақстан монеталары» каталог кітабына шолу жасалынды. Себебі, монеталар ежелгі заманнан бері ұлттың мәдени кодының теңдесі жоқ жәдігері болып келеді.

Балаларды екі топқа бөліп, шағын сұрақ-жауап ойыны өткізілді. «Ұлттық валюта-төл теңге» атты тақырыптық сөре дайындалды.

Комментарии запрещены.