«Ұлттық спорт – ұлт денсаулығы»

20 наурыз Ұлттық ойындар күніне орай № 8 балалар кітапханасында «Ұлттық спорт – ұлт денсаулығы» ойын бағдарламасы өткізілді. Ұлттық ойындардың мақсаты: қазақ халқының салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін, спорттық ойындарын таныстыру. Балалармен  әр түрлі ұлттық ойындар өткізілді: тымақ ұру, аударыспақ, оқтау тарту, теңге алу. Шара барысында балалар ойын ережелерімен танысып, бақтарын сынады. Спорттық іс-шараға Павлодар қаласының № 14 орта мектептің 4-сынып оқушылары қатысты. Балалар ұшқыр ой, ұшқыр ой, қиялын байытып, шығармашылықпен өзін-өзі көрсете білді.

Комментарии запрещены.