Барлық уақытта қазақ халқының жан серігі домбыра болды. Домбыра ең көп таралған музыкалық аспаптардың бірі. ЮНЕСКО шешімі бойынша домбыра мен күйлер, адамзаттың мұрасына материалдық емес тізіміне енгізілді. 2018 жылғы 13 маусымда Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау және жаңғырту идеясы төңірегінде қоғамды одан әрі біріктіру мақсатында ҚР Ұлттық домбыра күнін бекітті.
Ленин кентінің №3 көпшілік кітапханасының кітапханашылары Қазақстанның музыкалық мәдениетінің пайда болу тарихымен, белгілі күйші-композиторларымен таныстыру, ұлттық қазақ музыкалық аспабы – домбыраны дәріптеу мақсатында 04.07 сағат 11.00-де «Домбыра әлемі» атты музыкалық сағат өткізді.
Шара Ұлттық домбыра күніне арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті. Шараға музыка пәнінің мұғалімі Ж. Орынбаев шақырылды, ол қазақ халық аспабы – домбыраның тарихын айтып, балалар танымал қазақ орындаушыларының домбыра күйлерін тыңдады. Кітапханашы Б. Елемесова домбыраның аңызына тоқталып, «Домбыра – қазақ халқының мұрасы» атты көрме-тарихымен таныстырды, онда домбыра, ұлттық киім, кітаптар, дискілер ұсынылды. Барлық тілек білдірушілер үшін домбырада ойнауды үйрету бойынша шеберлік-өнер өткізілді. Іс-шара 20 адамды қамтыды.