27 ақпан күні Мүбарак Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасының коворкингінде қазақ жерінің ұлы, ұлы ақын-жазушысы, композиторы және қоғам қайраткері, қазіргі қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойына арналған Павлодар қаласы балабақшаларының тәрбиеші-педагогтары арасында «Ұлағатты ұстаз» сайысы өткізілді. Ол үшін кітапхана Ереже дайындалып, бекітілді және балабақшаларға жіберіліп, бес күн ішінде қатысуға өтінімдер қабылданды.
Кітапхана қонақтарын «Абай әлемі» кітап көрмесі мен «Абай Құнанбаев» бейнеролигі қарсы алды, қатысушылар мен қолдау тобын лирикалық сарынға бағыттаған әуендер қойылған болатын. Жүргізуші-кітапханашы Любовь Степановна Микушина биылғы жылы біз ақынның мерейтойын тойлап және оның өлеңдерін қайта ой елегінен өткізетініміз жайлы; оның ең танымал «Қөзімнің қарасы» әнін шырқап жүргеніміз жайлы, және де «Қара сөздер» атты рухани нұсқаулықты да жиі еске алатынымыз туралы айтты. Содан соң конкурс қатысушыларымен таныстырды. Олар: Қабенова Гүлнұр (№ 5 балабақша), Бауыржанқызы Айжан (№ 9 балабақша), Жакупова Назгүл Тлековна (№ 24 балабақша), Кириллова Лилия Сергеевна (№ 31 балабақша), Ахметжанова Бағила Жанайқызы (№ 44 балабақша), Уразова Валентина Владимировна (№ 72 балабақша), Бекенова Динара Баянбаевна (№ 82 балабақша), Татарникова Екатерина Михайловна (№ 85 балабақша) және Алейникова Лидия Сергеевна (№ 96 балабақша).
Барлық қатысушылар ақындық және музыкалық таланттарымен өзара сайысқа түсті; оның ішінде ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы, және «Ақындық», «Музыкалық», «Интерактивті ойын» турлары бойынша өздерінің тапқырлықтары мен парасаттылықтарын көрсетті. Қазылар алқасы қатысушылардың өнерін лайықты бағалап, үздік деп танығандары: Дипломмен марапатталғандар – Кириллова Л.С. (№ 96 балабақша), Жакупова Н.Т. (№ 24 балабақша), Бауыржанқызы А. (№ 9 балабақша). Қалған қатысушылар Алғыс хатпен марапатталды. Турлар арасында жүргізуші Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндері туралы айтқан болатын. Шара барысында Абайдың «Қөзімнің қарасы», «Айттым сәлем, қаламқас» өлеңдері шырқалды; оның «Желсіз түнде жарық ай» мелодиясы және т.б. қойылды. Қатысушылар саны – 36 адам.