«Бізде қонақта Масленица» фольклор сағаты

27 ақпан күні Павлодар ауылының ардагерлер кеңесі Масленица апталығы аясында көпшілік кітапханада «Бізде қонақта Масленица» фольклор сағатын өткізді. Мерекеге сәйкес, әдемі киімдерін, орамалдар киіп, мойынға қалаштар тақты, сыйлықтар алып ауыл әкімшілігіне, дукендерге, амбулаторияға құттықтап шықты. Кітапхананың алдында чучело қойып хоровод жүргізді. Содан кейін ішке кіріп, дастархан жайды. Дастарханға неше түрлі блины, тыквадан жасалған тағамдар қойылды. Маршала Валентина Власовна пеште піскен картоп тағамын әкелді. Дастарханға жайғасып әйелдер Масленица туралы мәлеметтер тындады. Содан кейін частушки және өлеңдер айтылды. Қатысқандар  23 адам.

Комментарии запрещены.