«Уақыт пен есте сақтау»

2023 жылдың 10 мамырында Д.Әбілев атындағы көпшілік кітапханада жастарға патриоттық тәрбие беру, тарих саласындағы білім деңгейін нығайту  мақсаты болып табылатын Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған «Уақыт пен есте сақтау» тақырыбында  іс-шара өтті. Іс-шараға № 24 ЖОББМ оқушылары шақырылды. Кітапхана қызметкерлері балаларға Ұлы Отан соғысы жылдарындағы халқымыздың жасаған ерлігі туралы айтып берді. Балалар   жерлес   батырлар туралы біліп, олардың есімдері қаламыздағы 10 көшеге берілгендігі туралы мәлімет алды.   Жеңіс күніне арналған өлеңдер оқылды. Олар жерлес батырлардың  есімдері жасырылған «Бейбітшілік» сөзіне кроссворд шешіп, бейбітшілік символы көгершіннің  макеттерін өз қолдарымен жасады. Ұлы Отан соғысына арналған кітаптарға қысқаша шолу жасалды. Іс-шара   «Ақ көгершін» әнін орындаумен қорытындыланды.

 

Комментарии запрещены.