«Түн парақтары»

2021 жылдың 19 сәуір  күні кітапхана ұжымы«Серпер» Жастар сыйлығының иегері, ақын Тоқтарәлі Таңжарықтың «Түн парақтары» жыр жинағына арналған «Таңдамалы шығармалар» атты онлайн мәліметін жариялады.

Мақсаты:   ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу; ақын Т. Таңжарықтың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру.

Онлайн форматта өткен іс-шара барысында кітапхана қызметкері А. Қ. Жармағамбетова дайындаған жариялымында: биылғы жылдың «Бір ел – бір кітап» акциясы бойынша Жыл кітаптарын таңдауда Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, жалпыхалықтық оқуға «Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына – 30 кітап» рухани-мәдени акциясы ұсынылғаны және бүгінге дейін республикалық басылымдарда өлеңдері мен мақалалары үзбей жарияланып келген ақынның «Жалын» баспасынан  шыққан «Түн парақтары» атты жыр жинағы туралы  деректермен таныстырды. Оның өлең жинақтары биылғы жылдың «Бір ел – бір кітап» акциясына таңдалып алынды. Сонымен қатар ақынның алғашқы жыр жинағына өмір мен өлім, ақ пен қара арпалысындағы сезімнің күңгірт бояулары шарпысқан жүректен шымырлай туған өлеңдері туралы мәліметтер берілді. Сондай-ақ, кітапханамыздың оқырманы Амангелді Ақбота ақынның «Айлы түн» өлеңін оқыды.

Комментарии запрещены.