14 қыркүйекте туған ауыл өзінің 110 жылдығын атап өтеді. Осы мерейтойды мерекелеу аясында «Туған жеріңді сүй және біл» атты өлкетану сағаты өткізілді, онда оқушылар Павлодар қаласының құрметті тұрғыны, кенттік кеңестің бұрынғы төрағасы Ыбрай Зейкенұлы Кәрібаевпен кездесті. Кездесу барысында Ыбрай Зейкенұлы Атамекен кентінің тарихы туралы айтып, кенттің өткені мен бүгінгі болашағы туралы ой қозғады. Оқушылар қойылған сұрақтарына толық жауап алып алғыстарын білдірді. Кездесу көңілдерінен шығып жылы әсер қалдырды. Балалар келген қонаққа музыкалық нөмірлерін ұсынып өз өнерлерін көрсетті.