12 тамыз «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша Павлодар ауылының көпшілік кітапханасы Павлодар ауылының ардагерлер кеңесінің мүшелері үшін «Туған жер – алтын бесігім» — өлкетану сағатын өткізді.
Мақсаты: туған елін, жерін, Отаның сүюге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Бағдарламаға «Туған елім, тірегім» кітап көрмесі, «Туған өлке бейнесі» әңгіме және «Ауылыма тағзым» естеліктер уақыты кірді.
Сағатты «Еркемай» халық әнімен, кітапханада аптасына екі рет жиналатын домбыра үйірмесінің қатысушылары ашты. Кітапханашы Шокубаева Гульнара екі тілде «Туған өлке бейнесі» әңгімесінде туған жеріміз Павлодар ауылы туралы айтып шықты. Содан кейін «Ауылыма тағзым» естеліктер уақытына кезек келді. Өз естеліктерімен ардагерлер кеңесінің төрайымы Сорокина Мария Александровна, Бакурова және Свичкарь Раиса Николаевна бөлісті. Халық хоры «Достық» «Село Павлодарское» әнімен және домбырашылар «Кеңес» әнімен сағатты жалғастырды, кітапханашы «Туған елім, тірегім» кітап көрмесіне назар аударды. Қатысқан адамдар саны 23 адам.