«Павлодар облысының қасиетті жерлері» атты виртуалды саяхат ақпараты

14 тамыз күні Орталық балалар кітапханасы қызметкерлері коворкингте Павлодар қаласындағы әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығының аналары мен балаларына арналған «Павлодар облысының қасиетті жерлері» атты виртуалды саяхат өткізілді.

Мақсаты: оқушылардың өсімдіктер әлемінің ортасымен және Қазақстанның жануарларымен танысу; Қазақстан бойынша Қызыл кітаппен танысу және Павлодар облысының тарихи мәні бар киелі орындарымен танысу.

Шара жүргізушісі Елена Юрьевна Борякина біздің еліміздің тамаша және қайталанбас табиғатының суы мол өзендері мен көлдері, биік таулары мен кең жайлауларын, тамаша және таңқаларлық жануарлар мен өсімдіктерді сүйіп, барлық жер бетіндегі тіршілікті қорғап-сақтау керектігін айтып өтті. Содан кейін балалар «Табиғат деген не?» сұрағына жауап берді. Қатысушылар: 1)«Табиғатты сүйетін жас әуесқойлар», 2)«Өсімдіктер», 3)«Жануарлар», 4)«Құстар», 5)«Қазақстанның Қызыл кітабы», 6)«Павлодар облысының киелі орындары» аялдамалары бойынша саяхат жасады.

Аялдама барысында балалар табиғат дыбыстарын «Дауыс арқылы тап» атты байқауында анықтауға тырысты; «Жұмбақтар» ойны байқауына, «Болады – болмайды» ойнына, «Қазақстан өсімдіктері», «Қазақстан жануарлары», «Қазақстан құстары» виртуалды сұрақ-жауаптарға және т. б. белсене қатысты. Бұдан басқа «Қазақстан табиғаты» атты бейнеролик және «Павлодар облысының киелі орындары» бейнеролигінің үзінділерін қарады.

Іс-шараның соңында балаларға «Поезд из Ромашково» мультфилімі көрсетілді. Қатысушылар саны – 15 адам.

Комментарии запрещены.