«Туған күніңмен, Астана!» құттықтаулар аллеясы

2018 жылғы шілденің 6-сы күні Астана күніне орай орталық алаңда қала тұрғындары мен қала қонақтарының жылы лебіздерін ағаш іспеттес тақтайшаға жазу мақсатында П.Васильев атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкерлері «Туған күніңмен, Астана!» құттықтаулар аллеясы мерекелік  іс-шарасын өткізді. Мерекелік  іс-шара Астананың бүгінгі әсем келбетін дәріптеуге арналды.

Қала әкімі Нұржан Кемерұлы Әшімбетов және Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ардақ Тәттімбекұлы Райымбеков Астана күніне орай ұйымдастырылған «Құттықтаулар аллеясы» мерекелік іс-шарасының құрметті қонағы болды. Мерекелік шараға 220-ға жуық қала қонақтары және тұрғындары белсене қатысты.

Комментарии запрещены.