№ 43 орта мектептің 2-сынып оқушылары «Төрлет, Наурыз!» атты іс-шараға қатысып, Наурыз мерекесін танымдық және көңілді өткізді. Кітапхананың мерекелік безендірілген оқу залында әуен естілді, балалардың назарына кітап иллюстрациялық инсталляция ұсынылды. Кітапханашы Наурыз мейрамы, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, ұлттық ойындар туралы айтып берді. Балалар ойындарға қатысып, викториналық сұрақтарға жауап берді. Шараға Қыдыр ата келіп, батасын берді. Өзіне тілек тілесен , ол міндетті түрде орындалады. Наурыздың символы – қызғалдақ «Шашу» шашты. Мереке соңында балалар бауырсақтан дәм татты.