«Наурыз – көктем мен қуаныш мерекесі»

2024 жылдың 18 наурызында Наурыз мейрамы аясында кітапханада «Наурыз – көктем мен қуаныш мерекесі» атты салт-дәстүр сағаты өтті. Шара Павлодар қаласындағы бейімдеу және оңалту орталығы тәрбиеленушілерінің қатысуымен өтті. Шара барысында кітапханашы оқушыларға Наурыз мейрамының тарихы туралы айтып, викторина өткізіп, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптары туралы сұрақтарға жауап берді. Шарада Наурыз мейрамына арналған музыкалық шығармалар орындалып, оқушылар мерекеге байланысты бір-біріне ізгі тілектерін білдірді. Оқырмандар назарына «Наурыздың мейрамы» кітап көрмесінен Наурыз мейрамының тарихы, қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, қазақтың киіз үйі, ұлттық тағамдары туралы кітаптар ұсынылды. Балалармен ұлттық ойындар өткізілді. Бұл мереке барлық қатысушыларға қаншалықты көңілді, қуаныш пен рахат әкелді.

Комментарии запрещены.