«Тілім менің – мақтанышым»

2023 жылдың 3 ақпанында Павлодар жоғары экономикалық колледжінің  «Бағдарламалық қамтамасыз ету» тобының 1-курс оқушыларының қатысуымен «Тілім менің – мақтанышым» атты дөңгелек үстел өткізілді.  Шара барысында қазақ тілінің мәртебесі, «ҚР Тіл туралы» Заңы, мемлекеттік мекемелердегі құжат айналымындағы қазақ тілінің сапасы мен үлесін арттыру мәселелері қозғалды. Тәрбие беру жөніндегі басшының орынбасары Айдана Жанарбекқызы Байтыманова өз  әңімесінде қазақ тілінің мәртебесін көтеру үшін бар  күшімізді  саламыз деген ой білдірді. Оқушылар да өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін айтты.

Комментарии запрещены.