«Тілге құрмет – елге құрмет» мәнерлеп оқу марафоны

YouTube player

 

 «Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ Павлодар қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен 2021 жылғы наурыздың 15-28 күндері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қазақстанда тұратын этникалық топтар өкілдерінің қатысуымен «Тілге құрмет – елге құрмет» мәнерлеп оқу марафонын өткізеді.

Мақсаты:

  • өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу;
  • мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту,
  • поэзия құдіреті арқылы қазақ тілінің мәртебесін арттыру.

Шарттары:

— марафон  2021 жылғы 15-28 наурыз күндері өтеді;

— марафонға барлық қалаушылар қатыса алады;

— инстаграм, фейсбук парақшасында #марафонтіл #Тәуелсіздікке30жыл #марафонтілгеқұрмет хэштегі арқылы видеоролик жариялау;

— қатысушылар туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланады.

Байланыс нөмірлері: 8(7182) 530904

Электрондық пошта: cgb.oo@mail.ru

Комментарии запрещены.