Тілдер күніне арналған «Тілге құрмет – елге құрмет» атты іс-шара

 2019 ж.қыркүиектің 6 күні №4 б/к әдемі безендірілген оқу залында №43 орта мектептің 4 сынып балаларына «Рухани жаңғыру» жобасы аясында Қазақстан халқының Тілдер күніне арналған «Тілге құрмет – елге құрмет» атты іс-шара өткіздік.

Мақсаты: патриоттық сезімін және Отанға, туған тілге деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу, қазақ тілінің әліпбиі латын графикасына көшудің маңыздылығы туралы айту, балаларды басқа ұлттардың тілдерін, мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу, оларды үйренуге талпыну, балалардың шығармашылық, интеллектуалдық, әртістік қабілеттерін дамыту.

Балалардың назарына «Халықтың қазынасы-туған тіл» атты кітап көрмесі ұсынылды. Шараны Қазақстан Республикасының әнұрнын орындауымен аштық. Кітапханашылар Кенжегалиева Б.К. және Мамбетова Л.С. балаларды мерекемен құттықтады, Қазақстан халқының Тілдер күні мерекесі туралы, көпұлттық еліміздің татулығы туралы айтты. Әр ұлттың туған тілін, мәдениетін үйреніп білуге құқығы бар.  «Сәлеметсіз бе» сөзін балалар бірнеше тілде оқыды. Өзбек, украин, шешен, поляк т.б.  тілдеріндегі сәлемдесу балаларды қызықтырды. Балалар қазақ ақындыры Қ. Мырзаәлиевтің туған тілі туралы және А. Шаяхменовтың «Земные языки» өлеңдерін тыңдады. Кітапханашылар «қазақ тілі әліпбиі латын графикасына көшуі» туралы айтты. Тіл, білім, сөз, ел, жол деген сөздер латын әріптермен қалай жазылады екені көрсетілді.  Туғаннан адамның өмірі тілмен байланысты. Тіл — халықтың жаны. Балалар тілдің ұлылығы және маңыздылығы туралы, туған тіліне деген махаббаты туралы, туған тілін мақтан тұтқан туралы, басқа тілдерді құрметтеу туралы өлеңдерді қазақ және орыс тілдерінде оқыды.  Қазақстанда қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Балалар жауаптары екі тілде айтылу керек болатын жұмбақтарды шешуге белсене қатысты. Жаңа оқу жылы енді басталғанына қарамастан балалар қазақ сөздерін ұмытқан жоқ, тапсырманы оңай орындады. «Қазақша сөйлейік» ойынында, керісінше, балалар қазақ сөздерін орысшаға аударды. Әр халықтың қанатты сөздері бар. «Ойға сал» ойынында балалар қанатты сөздердің мағынасын түсіндірді. Мысалы, «рукой подать» «близко» деген сөзді білдіреді, «засучив рукава» «жақсы жұмыс істеу» деген сөз, тағы басқа. Әр тіл әдемі және айбынды. Ол өз халқының мәдениетін көрсетеді. Балалар «Менің Казақстаным» атты сұрақ-жауапқа белсене қатысты. Қазақстанда тұратын халықтардың татулығының арқасында еліміз өркендеп, көркейіп жатыр. Елімізде мейірім, қуаныш, құрмет және махаббат атмосферасы орналсын! Кең-байтақ Қазақстан халқының мәдениетіне құрмет! Мерекеңізбен! 20 бала қатысты.

Комментарии запрещены.