«Тіл туралы Заңның»

      28 қараша күні сағат 12.00-де №3 көпшілік кітапхананың коворкингінде №№ 31, 32, 33 мектеп оқушылары үшін алғашқы «Тіл туралы Заңның» қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Тіл-халық байлығы» атты білгірлер турнирі өтті. Турнирді кітапханашылар М. Нұргажинова мен Г. Цаплина өткізді. Құрметті қонақтар арасында № 32 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жайдакбаева Райгуль Кунашевна болды. Оқушылар арасындағы білгірлер турнирі ребустарды шешу, жарыстар, ойындар арқылы тілдерді білу деңгейін көрсетті. Көрермендер мен қолдау тобы сырт қалмады, олармен «Үздік аудармашы» викторинасы өткізілді. Бағдарламада ПМПИ колледжінің 3 курс студенті Жұмабай Байтұрсынұлының «Сарыарқа» күйі орындалды. Турнирді қорытындылаған Р. К. Жайдакбаева. Қатысты 20 адам.

Комментарии запрещены.