«Тіл – тәуелсіздігіміздің негізі»

2025 жылдың 3 қыркүйек күні Қазақстан халқының тілдері күніне орай Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған лицей мектебінің 7 сынып оқушыларының қатысуымен «Тіл – тәуелсіздігіміздің негізі» атты ақпарат сағаты өткізілді. Шараның мақсаты – халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы тілдерді білуге, оқуға деген қызығушылықты ояту, патриоттық сезімді қалыптастыру. Шараға Тілдер күніне арналған көрме дайындалып, қатысушылар тілге арналған үш тілдегі дәйексөздермен танысты. Қатысушылар Ахмет Байтұрсыновтың өмірбаянымен танысты. Одан кейін балалар үш тілде тез әрі анық оқу керек болатын аударма және тіл бұрмаларын оқу сайысына қатысты.

Комментарии запрещены.