«Тіл тағдыры – ел тағдыры» танымдық сағаты

2018 жылдың 14 қыркүйегінде Орталық балалар кітапханасында «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты танымдық сағаты өткізілді. Кітапхананың қонақтары №19 орта білім беру  мектебінің 6 және 11 сынып оқушылары болды.

Жетекші кітапханашылар Борякина Елена Юрьевна және Дүйсенбаева Жанар Пазылқызы Тілдер күнін мерекелеу идеясы — әрбір тіл мен мәдениеттің құндылығын мойындау, кез-келген тіл адамзаттың рухани мұрасының бір бөлігі екенін түсіну,  әр ұлттың мәдениеті әлемдік өркениетке баға жетпес үлес болып табылатыны жайлы атап өтті. Оқушылар өз ана тілдері туралы өлеңдер оқыды. Әңгіме Қазақстанда тұратын қандай ұлт өкілі туралы екенін балалар дәл тауып айтып отырды. Сонымен қатар олар бұл жұмбақтардың Шымкент қ. «Шикула и К», 2007 жылы шыққан «Сиқырлы хоровод» кітабынан екенін атап өтті. Балалар әр түрлі тілдердегі кітаптармен және  жаңа кітаптармен «Балалар кітаптарының сиқырлы беттері» атты кітап көрмесіне жасалған шолуды көріп  танысты. Оқушылар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін білуге арналған конкурсқа қызығушылықпен қатысты, тіл туралы мақалдар айтты, Қазақстан туралы викторина сұрақтарына жауап берді. Іс-шараның соңында «Көк ту және достар» мультфильмі көрсетілді.

Әрбір тіл – бір тұтас әлем. Тіл – халықтың жаны, оның қуанышы, естелігі, қазынасы. Кітапханашылар балаларға айналасындағы адамдардың сөйлеу мәнеріне құрметпен қарау керек екенін үйретуге тырысты.

19 адам қатысты.

Комментарии запрещены.