«Менің отбасым – менің қуанышым» атты ойын сайыс бағдарламасы

2018 жылдың 14 қыркүйегінде № 6 балалар кітапханасының оқу залында, № 5 орта білім беру мектебінің 4 сынып оқушылары үшін «Менің отбасым – менің қуанышым» атты конкурстық-ойын бағдарламасы өткізілді.          Мақсаты: отбасылық шығармашылықты дамыту, отбасы мен мектептің ынтымақтастығын дамыту, оқушыларға  ата-аналарға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелеу, олардың отбасыларына деген мақтанышты сезіну, класс ұжымының бірлігіне шақыру; оқушыларға бір-бірін жақсы көретін, бір-біріне қамқорлық ететін отбасы туралы түсінікті  қалыптастыру.

Жетекші кітапханашы Нағима Бекболатқызы Ақшолақова қонақтармен амандасқаннан кейін, «Отбасы күні» мерекесінің мәні жайында, отбасының , туыстар, жақын адамдар арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығы туралы әңгімеледі. Балаларға  «Халық даналығы» байқауына қатысу ұсынылды, олар атақты мақал-мәтелдерді еске түсіріп, баяндамашының өзгертіп айтқан мақалын түзетіп отырды. Сол сайыста мақалды жалғастыру қажет болды. Келесі тапсырмада балалар конверттерден алған сөздер жиынтығынан мақал-мәтелдер құрастырды.

«Зейінділік» байқауында оқушылар ұқыптылықты талап ететін күрделі сұрақтарға жауап беруі керек болды. Мысалы: 31 ақпан күні не болды? (ақпанда 31 күн жоқ); аспан түбіне не жетеді? (көзқарас) және т.б. «Бала тілі», «Менің арманымның үйі» атты қызықты әрі көңілді конкурстарда, блиц-турнирде балалар отбасының маңыздылығы, құндылықтары, бір-біріне көмектесу, жақындарына қамқорлық жасау  керектігі жайлы өз ойларымен ортақтасты. Іс-шара соңында жүргізуші, отбасылық мереке қонақтарға отбасы тек бірге тұратын туыстар ғана емес, олар сезімдерімен, мүдделерімен, өмірге деген көзқарастарымен жақын, және отбасынан қымбат тұратын ештеңе жоқ екенін түсініп сабақ алады деген үміт білдірді. Іс-шара балаларға өзара түсіністік пен бірлікке қарай бірге қадам басуға, бір-бірімен жақын танысуға   көмектесті. Іс-шара балаларға ұнады, барлығы ойындар мен жарыстарға ынта-жігер танытып, қызығушылықпен белсенді қатысты. Қатысқандар  23 адам.

Комментарии запрещены.