16 қыркүйек күні № 4 көпшілік кітапхана ұжымы Павлодар техникалық сервис колледжінің 1 курс студенттеріне арналған «Тіл мерейі – ел мерейі» атты оффлайн ақпарат күнін өткізді.
Іс-шараның басында Кусанова Бактылы Кошербаевна Қазақстанның тілдік ортасының алуан түрлілігін атап өтті, мемлекеттік тіл қазақ тілі бола тұра, әрбір диаспора ана тілін үйренуге және сөйлесуге еркі бар. Қазақстан Республикасындағы тілдік саясаттың төрт кезеңін атап өтті; 1997 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң жайында мәліметтерді толығырақ айтып берді, «ҚР-дағы тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының» мақсаттары мен жолдарын жүзеге асыру туралы; тақырыбына шолу жасады. Шолу жүргізу үшін мемлекеттік тілді, сондай-ақ ағылшын, неміс және басқа тілдерде үйренуге арналған оқу құралдары іріктеліп ұсынылды; қазақша-орысша-ағылшынша сөздіктер, «Қазақстан халықтарының» энциклопедиялық анықтамалығы, онда Қазақстандағы барлық халықтар туралы, олардың дәстүрлері, тілі, сенімі, Қазақстанға қоныс аудару тарихы туралы толық ақпарат баяндалады. Қатысқандар -14 адам.